Қазақстан шекарасында қылмыстық топ мигранттарды заңсыз өткізген

87

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекарадан мигранттарды арлы-берлі заңсыз өткізумен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Осындай жолмен пайдаға кенелген 72 адам құрықталды.

Ұстау операциясы Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында жүргізілген. Қылмыстық топ Қытайдан, Өзбекстан мен Қырғызстаннан жұмысшыларды заңсыз өткізіп отырған. Олаи бұл әрекеттері үшін ақша алған.

Жүйелі түрде жолға қойылған заңсыз бизнестен қыруар ақша түскен.

Комитеттегілер қылмыстық топтың бопсалау сияқты басқа да ауыр қылмыстарға қатысы бар дейді. 72 адамды құрықтау кезінде олардан қару-жарақ, ірі көлемде ақша мен есірткі де тәркіленді.

https://stan.kz/kazakstan-shekarasinda-kilmistik-top-migranttardi-zansi-389343/

Leave A Reply

Your email address will not be published.