Қазақстан құрамасы Әлем кубогінде 11 медаль жеңіп алды

19

olympic.kz

https://turkystan.kz/article/272444-qazaqstan-quramasy-alem-kuboginde-11-medal-zenip-aldy
Италияның Коллальбо қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл ірі бәсекеде Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетіп, жалпы есепте 11 медаль жеңіп алды.

Кристина Шумекова үш қашықтықта: 1000, 1500 және 3000 метрде — қарсыластарынан оқ бойы озып шығып, үш дүркін жеңімпаз атанды.

Нео-сеньорлар санатында Алина Дауранова 500 метрлік жарыста Қазақстан қоржынына алтын медальді салды.

Сол санатта 1000 метрлік қашықтықта Дарья Важенина мен Дмитрий Осипенко күміс жүлдегер атанса, Алина Дауранова мен Андрей Семёнов қола медаль еншіледі.

Инесса Шумекова 500 метрде екінші орынға көтерілді. Ал Дмитрий Осипенко 1500 метрде үздік үштікті түйіндеді.

Масс-стартта Абылайхан Қайырғазы мәреге екінші болып жетті

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/272444-qazaqstan-quramasy-alem-kuboginde-11-medal-zenip-aldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.