Қазақстан үкіметі экономикаға 300 мың доллар инвестиция құйған шетелдіктерге 10 жылдық виза бермек

122

“Қазіргі кезеңде Қазақстан экономикасына 300 мың доллардан астам инвестиция салған шетелдік бизнесмендерге тұруға рұқсат алу құқығымен 10 жылға виза алу мүмкіндігін беруге бағытталған заң жобасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде”, — деді Жұманғарин «Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалына жауап беріп.

Министр, ең алдымен, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың негізгі капиталына, қосылған құны жоғары өнімдердің өнеркәсіптік өндірісін құруға, жаңа технологиялар мен қызметтерді көрсетуге, яғни қосымша қаржылық кіріс әкелетін инвестициялар екенін түсіндірді.



Жұманғарин жалпы үкімет Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

“Резидент емес және Қазақстан аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар 5-тен 3 жұмыс күніне дейін бейрезидент инвесторлар үшін инвесторлық визаны алу рәсімін жеңілдету мақсатында Инвестициялар және даму министрінің бұйрығына инвесторлық визаны рәсімдеу мерзімін реттеу және қысқарту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді”, — деді министр.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Ресейден кеткен шетелдік компанияларды Қазақстанға орналастыруға жағдай жасауды тапсырған.

https://stan.kz/kazakstan-ukimeti-ekonomikaga-300-min-dollar-investiciy-372333/

Leave A Reply

Your email address will not be published.