Көңілдері жарасқан жігіттер қылыш сүйіп, немесе құран ұстап андасып, төс соғыстыра құшақтасып,«мәңгілік дос» болысады. Олар бастарына қиын күн туған сәтте бірі үшін бірі жанын да береді. Сондықтан «қияметтік достар» деп те аталады. Достықтың шарты бойынша,«бір-бірімізден алғанымызды құдайдың алдында сұраймыз» деп, ұнаған затын иесінен сүрамай-ақ ала беріседі. Ал досы болса, оған еш уақытта ренжімейді.
Наурыз кітабынан
Құрастырған: М. Қазбеков
Әзірлеген: мекеменің кіші ғылыми қызметкері Әзімқұлова Мая