«Қазақ ойшылдарының діни мұралары»

35

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтармен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және радикализмге қарсы имунитетті қалыптастыру мақсатында «Қазақ ойшылдарының діни мұралары» тақырыбында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында өткен жиынға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің дінтанушысы Бақтияр Алпысбаев арнайы қатысты. Тағылымды шараны мекеменің теологы, әділет аға лейтенанты Ғ.Қалмаханбетов және психологы, әділет майоры М.Сейдуллаева бірлесе өткізді.

Өз сөзінде Бақтияр Қаржаубайұлы қазақтың ұлт болып қалыптасып, ұлттық құндылықтарының сақталуында қазақ ойшылдарының мұралары негізгі рөл ойнағанын жеткізді.

— Қазақ ойшылдары халқына жанашыр, жастардың тәрбиесі мен біліміне, ойы мен санасының дамуына көңіл бөліп, қазақтың білімі мен болашағы үшін терін төккен. «Жұртымның ақылы артып, көңілі кеңейсе екен» деген ниетпен жан аямай қызмет еткен ойшылдарымыздың үмітін ақтау біздің қолымызда, — деген Б. Алпысбаев жазасын өтеушілермен сырлы сұхбат құрды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.