ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

324
Атырау қаласында ұйымдастырылған қазақ күресінен ересектер (ерлер және әйелдер) арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.
Жамбыл облысы құрамасы сапында 60 келі салмақта өнер көрсеткен Таластық Сүлеймен Ернұр турнирдың ең биік сатысына көтерілсе, бұрымды боз кілем шеберлері арасында жерлесіміз Аязбек Елизат (77 кг) күміс жүлде олжалап, облыс намысын қорғады.
Жарыс қорытындысы бойынша Жамбыл облысы құрамасы 4 алтын, 4 күміс, 9 қола жүлдемен жалпы командалық есепте топ жарды.
Жерлестермізді айтулы жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
 Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.