«Қазақ халқының атынан»: Тұрсын Алагөзов Өзбекстан әншісіне көлік сыйлады

87
«Қазақ халқының атынан»: Тұрсын Алагөзов Өзбекстан әншісіне көлік сыйлады
 Скриншот

Белгілі кәсіпкер Тұрсен Алагөзов өзбек әншісі Атхамбек Юлдашевке қымбат көлік сыйлады.

Елдің еңбек сіңірген мәдениет қайраткеріне «Cadillac Escalade» маркалы көліктің кілтін табыстады.

«Бауырлас ел болғандықтан, қазақ халқының атынан сыйлаймын. Мен сізге ұзақ өмір, денсаулық және махаббат тілеймін», – деді кәсіпкер Тұрсен Алагөзов.

Су жаңа көлікке ие болған өзбек әншісі қуанышын жасыра алмай, алғыс жаудыра берді.

«Көлік маған қатты ұнап тұр. Өте керемет екен. Бір жағынан мінуге қорқып тұрмын», – деді.

 

https://turkystan.kz/article/246035-kazak-khalkynyn-atynan-tursyn-alagozov-ozbekstan-nshisine-kolik-syilady

Leave A Reply

Your email address will not be published.