Қайырымдылық — адам жанының нұры

734

Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей, кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу — әрбір адамның азаматтық парызы.

Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. «Қайырымдылық — адамгершілік белгісі» атты ұранмен «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында Көкбастау ауылдық округіне қарасты Теріс ауылының тұрғыны Е.Нурипа анамызға волонтерлардың көмегімен үйге жөңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған бағытта ауыз толтырып айтарлықтай атқарылып жатқан жұмыстар бар. Айта кететін болсақ ауылдық округтің жастар ісі жөніндегі инспекторларының ұйытқы болуымен волонтер жастардың көмегімен ауданымыздың барлық өңірлерінде «30 игі іс» жобасы аясында қайырымдылық акциялары шеңберінде жеке тұрғын үй жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныта алатын жандардың арамызда әлі де бар екендігі қуантады. Олай болса, ауданымыздағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсеткен демеушілерге және ерікті жастарға «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұжымы атынан үлкен ризашылығымызды білдіре отырып, әлі де осындай игі істер жалғасын табады деген сенімдеміз…

Leave A Reply

Your email address will not be published.