Қайшымен иттің құйрығын кескен: әлемдегі ең ерекше 7 бала

115

Лиззи Кларк – ең бұзық бала

Лиззи Кларк әлемдегі ең бұзық қыз титулына ие болған. Ол бір жылда:

– әкесінің жаңа көлігіне пышақпен «Мені жу» деп жазған;

– Билл Клинтонның қызымен құрбы боламын деген оймен Ақ үйге қалалық телефон арқылы 167 мәрте хабарласқан;

– ата-анасының жатын бөлмесіне бақша шлангісінің көмегімен жүздеген литр су жіберген;

– дәретхананың астына отшашулар қойып, оны жарған;

– қайшымен иттің құйрығын кескен;

– анасының сүйікті орхидеяларын өртеген.

Қайшымен иттің құйрығын кескен: әлемдегі ең ерекше 7 бала
Фото:puzojiteli

Оскар Ригли – ең ақылды бала

Оскар Ригли 2-ге толғанда әлемдегі ең ақылды бала атанды. Оның IQ деңгейі 160-тан асып түскен. Бұл – Эйнштейн мен Хокингтің көрсеткіші. 9 айында  бала толық фразалармен сөйлей бастады. Ал екі жасында ол әртүрлі қиын тақырыптарда ересектермен әңгіме-дүкен құрған. Қазір Оскар Ригли 6 тілде еркін сөйлеп, биология бойынша барлық  кітаптарды оқып шыққан.

Қайшымен иттің құйрығын кескен: әлемдегі ең ерекше 7 бала
Фото:dmanayeva.blogspot.com

Джулиан Павон – ең жас кәсіби барабаншы

Джулиан Павон бес жас тоғыз айында, яғни, 2010 жылы ең жас барабаншы ретінде Гиннесстің рекордтар кітабына енген. Бірақ рекорд ресми түрде сол жылы тіркелгенімен, ата-анасының айтуынша, бүлдіршін 2 жасынан бастап өнерге қызыққан. 4 жасында жас музыкант Джулиан жақындарына концерт берген. Араға 2 жыл салып, оның алғашқы альбомы жарыққа шыққан.

Қайшымен иттің құйрығын кескен: әлемдегі ең ерекше 7 бала
Фото:mlive.com

Лина Медина – әлемдегі ең жас ана

Медина 5 жасқа толғанда іші ауырып, мазасыздана бастайды. Баласына алаңдаған ата-анасы оны дәрігерге қаратады. Ақ халаттылар оның құрсағында 7 айлық сәби барын анықтаған.

Медина кесір тілігі арқылы дүниеге 7 айлық сәбиді әкеледі. Оның ұлы 1939 жылы дүниеге келді. Дені сау, 2,7 салмақпен өмір есігін ашқан нәрестеге жас ана өзін босандырған дәрігер Жерардоның есімін берген.

Қызын зорлаған деп күдікпен Мединаның әкесі қамауға алынды. Бірақ ешқандай айғақ болмаған соң оны босатқан. Қыздың қалайша жүкті болғаны әлі күнге дейін белгісіз.

Қайшымен иттің құйрығын кескен: әлемдегі ең ерекше 7 бала
Фото:mobillegends.net

Лу Хао – ең семіз бала

Лу Хао Қытайда дүниеге келген. Туғанда баланың салмағы 2,5 келі болған. Алайда, балақай үш айынан бастап артық салмақ жинаған. Жасы 3-ке келген Лу Хао 60 келі болған. Бұл көрсеткіш қалыпты дене салмағына ие балалардан 5 есе көп. Анасының айтуынша, Лу Хао өзі қалаған кезде тамақ ішпесе, айқай шығарып, жұрттың мазасын алады екен.

Қайшымен иттің құйрығын кескен: әлемдегі ең ерекше 7 бала
Фото:thegreatamericandisconnect.blogspot.c

Румаиса Рахман – ең кішкентай сәби

26 аптада дүниеге келген. Туғанда шақалақтың салмағы небәрі 243 грамм болған. Бұл шамамен бір банка консервы шамалас. Бір қызығы, Румаиса Рахман егіздің сыңары. Ал оның сіңлісі одан 2 есе көп салмақпен өмірге келген.

Қайшымен иттің құйрығын кескен: әлемдегі ең ерекше 7 бала
Фото:busybag.ru

Джейли Лингдо – әлемдегі ең қарт бала

«Сәбидің» жасы қазір 35-те. Джейли Лингдо қарапайым отбасында туған. Бала алғашқыда өзгелерден ерекшеленбеген. Тек жасы 3-ке келгенде Джейли Лингдо қатарластарынан қалып, ойы мен бойы өспей қалған. Баласы үшін алаңдаған ата-анасы қаншама аурухананың табалдырығын тоздырғанымен, дәрігерлер диагноз қоя алмаған. Қазір Джейли Лингдоның салмағы бар-жоғы 11 келі, бойы 84 см.

Қайшымен иттің құйрығын кескен: әлемдегі ең ерекше 7 бала
Фото:YouTube

Leave A Reply

Your email address will not be published.