«Қаулының күші жойылды»: коронавирустың аяқталуына байланысты барлық шектеу алынды

111

Коронавирус пандемиясының аяқталуына байланысты елдегі барлық шектеу шаралары алынды деп хабардайды turkystan.kz.

 «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 пандемиясының аяқталуы, Қазақстанда және әлемде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы туралы хабарлауына байланысты, білім беру ұйымдарында, сондай-ақ Ashyq жобасында халықтың арасында коронавирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі шектеу шараларын көздейтін Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларының күші жойылды», – деп жазылған Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Осылайша, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы» Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2023 жылғы 19 мамырдағы №5 қаулысына қол қойылды. Осы қаулының толық мәтінімен Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында танысуға болады.

«COVID-19 коронавирус инфекциясы жойылмағанын хабарлаймыз, вирустың таралуы жалғасуда. Бірақ аурудың салыстырмалы түрде жеңіл ағымын ескере отырып, кейіннен халықтың сырқаттанушылығын бақылау басқа вирустық инфекциялармен қатар тұрақты негізде жүзеге асырылатын болады», – деді министрліктен.

https://turkystan.kz/article/224286-kaulynyn-kushi-zhoyyldy-koronavirustyn-ayaktaluyna-baylanysty-barlyk-shekteu-alyndy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.