ҚАУІПСІЗДІК ҚАҒИДАТЫН ҰСТАНУ — АСА МАҢЫЗДЫ

71
Сарысу ауданы аумағында құқықбұзушылықтың алдын алу және жол — көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында түнгі рейд өткізілді.
Рейдтік шараға аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков, аудандық құқық қорғау органдарының өкілдері мен аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ні директоры орынбасары Жансая Қыстаубаева қатысты.
Шара барысында тұрғындарға кәмелетке толмаған жасөспірімдердің ата — ананың қарауынсыз жүрмеу керектігі ескертілсе, көлік иелеріне жол қозғалыстарының ережелерін сақтау туралы түсіндірме жасалды. Тұрғындардың қауіпсіздігі басты мақсат болған шара барысында құқықбұзушылық әрекеттері орын алған жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.