Қауіпсіз еңбек — әр адамның құқығы

463

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті қарасты ЖД-158/5 мекемесі сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының 2019 жылдың 3 тоқсанына арналған жұмыс жоспарының орындалуы мақсатында 2019 жылдың тамыз айында сотталғандарды ақылы жұмыспен қамтамасыз етіп отырған бірнеше кіші және орта бизнес өкілдері келіп «Еңбекті қорғау» бойынша дөңгелек үстел өткізді. Жиында алғашқы сөзді Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/5 мекемесі бастығының орынбасары Айгүл Танашева алып, сотталғандардың жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігі және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 28 бабы бойынша еңбек келісім шартының құрастырылуы және 179-180-181-182 баптары туралы түсінік беріп, аталған баптардың жұмыс орындарында қатаң қадағалауға алынуын ескертті. Күн тәртібіне қойылған 2 сұрақ бойынша Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/5 мекемесінің аумағынан жұмыс орындарын ашу ұсынылды.

ЖД-158/5 мекемесі

Leave A Reply

Your email address will not be published.