«Қатігездікпен өлтіріп, суға тастаған». Қаралы хабар: Алматыда із-түзсіз жоғалған жігіттің мәйіті табылды

97

Марқұмның жеңгесі Шаттық Жүргенованың хабарлауынша, азаматтың мәйітін Космос ауылының маңындағы су айдынынан жергілікті балықшылар байқап, дереу құзырлы органдарға хабар берген. Алдын ала болжамдар бойынша, жас жігіт қатыгездікпен өлтіріліп, қылмыс ізін жасыру мақсатында суға тасталуы мүмкін. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды.
Жоғалған азаматтың туыстары оқиғаның алғашқы күнінен бастап іздеу шараларын өз күштерімен жүргізгендерін мәлімдеді. Олар аймақтағы бейнебақылау камераларының жазбаларын өздігінен тексеріп, марқұмның ең соңғы жүрген бағытын анықтауға тырысқан. Сонымен қатар жақындары бұл процесс барысында жауапты құқық қорғау органдары тарапынан көрсетілген жедел әрекет пен көмектің жеткіліксіз болғанын алға тартуда.

Қайғылы жағдайға байланысты марқұмның отбасы мен жақындары айуандықпен жасалған қылмысқа қатысы бар кінәлі тұлғалардың заң алдында толықтай жауап беріп, ең ауыр әрі әділ жаза алуын талап етіп отыр. Сонымен қатар зардап шегуші тарап іздестіру шараларына салғырттық танытты деп есептейтін жауапты лауазымды тұлғалардың да қызметтік жауапкершілігін қарау қажеттігін алға тартты.

фото: Ашық дереккөздерден

Leave A Reply

Your email address will not be published.