Құрметті аудан тұрғындары, елімізде эпидемиологиялық ахуал өршіп тұр.Соған қарай сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Жамбыл облысы сары аймаққа кірді ,соған орай ел болып бірге сақтық шараларын қатаң сақтап жауапкершілікпен қарайық. Той жиындарға уақытша бармауға кеңес беремін. Отбасымызға ,жақындарымызға дертті жұқтырпаудың алдың алайық. Әлем елдері інідетпен әлі күресуде. Бізде карантин шараларының ары қарай да ұстанған абзал. Әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, бетперде тағып, жұмыс орындарында дезинфекция жүргізген жөн.Басқа (Корея,Жапония) мемлекеттері секілді ,тәжірибие көрсетіп отырғандай карантин шараларын бір кісідей сақтасақ, коронавирус індетін барынша жоямыз. Қауіптің бетін қайтаратын басқа тиімді амал ол вакцинация.Қазіргі уақытта біздің аудан халықтары сабырға төр беріп, шектеу шараларын сақтауы тиіс.
С. Артықбаев,
Сарысу аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы