Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз – Орталық Азиядағы және Кавказ аймағындағы экономикасы ең ірі елміз

64
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз – Орталық Азиядағы және Кавказ аймағындағы экономикасы ең ірі елміз
istockphoto.com
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз – Орталық Азиядағы және Кавказ аймағындағы экономикасы ең ірі елміз: 25 желтоқсан 2025, жаңалықтар Turkystan.kz

Бүгін Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып, бірнеше ірі нысанды аралап, Тараз шаһарының тұрғындарымен кездесті. Онда Президент биыл халықаралық кездесулердің нәтижесінде жалпы құны 70 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылғанына назар аударды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қазақстан көршілермен және барлық мүдделес мемлекеттермен дәйекті түрде достық қарым-қатынас пен жан-жақты ынтымақтастық орнатып келеді. Біздің мақсатымыз – айқын. Ол – елдің егемендігін нығайту, Қазақстанның қауіпсіздігі мен әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін міндеттерді шешу. Әрбір саммит, жоғары деңгейдегі әр кездесу, бизнес-форум еліміздің халықаралық беделін арттырып, экономикалық әлеуетін күшейтеді. Қазір бүкіл әлемде инвестиция үшін қызу бәсеке жүріп жатыр. Бізге бұдан қалыс қалуға болуға болмайды. Орталық Азиядағы және Кавказ аймағындағы экономикасы ең ірі ел саналамыз. Алайда Үкіметке сапалы өсімді қамтамасыз ету міндеті жүктелді. Үкімет пен Ұлттық банк өзара келісе отырып, қазіргідей күрделі, тіпті, ерекше жағдайда академиялықтан және әсіресақтықтан ада, нақты шешім қабылдауы қажет.Тек биылдың өзінде халықаралық кездесулердің нәтижесінде жалпы құны 70 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылды. Соның арқасында елімізде заманауи кәсіпорындар ашылып, сапалы жұмыс орындары құрылуда», – деді Мемлекет басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.