Жамбыл аудандық соты «Кассациялық соттардың құрылуы мен қызметінің бағыттары және тиімділігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға аудан әкімдігінің, прокуратураның өкілдері, мекеме басшылары, сондай-ақ Билер кеңесі мен Ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты.
Іс-шараны ашқан Жамбыл аудандық сотының төрағасы Айгүл Шымырова енгізіліп жатқан өзгерістер мен кассациялық соттарды құрудың маңыздылығы туралы атап өтіп жаңа құрылымның жұмыс істеуі үшін қажетті мақсаттар мен міндеттер туралы баяндады.
Тараптар Мемлекет басшысының бастамасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы пікір алмасты.
Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, сот төрағасы А. Шымырова тәуелсіз кассациялық соттар құру тақырыбын ақпараттық сүйемелдеудің және жалпы осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.
Соңында, дөңгелек үстелге қатысушылар пікір алмасып, аталған тақырыпты жан жақты талқылап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауап алды.
Жамбыл аудандық соты