Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, 1993 жылы туған азамат 24 қыркүйекте теңіз астынан балық аулау кезінде батып кеткен. Үш күн іздестіру жұмыстары жүргізілді.
«Бүгін 12:08-де төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері Шора су арнасы ауданында жағадан 400 метр жерде ( 5 метр тереңдіктен) адам денесін судан тауып алып, шығарды», – делінген хабарламада.
Іздестіру жұмыстарына Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар басқармасының қарушылары, ҚР ҰҚК шекара қызметінің жеке құрамы, сондай-ақ еріктілер де жұмылдырылған.
https://stan.kz/kaspiy-tenizinen-3-kun-byrin-batip-ketken-balikshinin-d-388788/