Каспий құбыр консорциумының (КҚК) ең ірі мұнай айдау станциясы саналатын Ресей Федерациясындағы «Кропоткинская» ЖЗҚ шабуылға ұшырады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
«Соққы жарылғыш заттармен қатар, металл зақымдаушы элементтермен жабдықталған жеті пилотсыз ұшу аппараты арқылы жасалды. Шабуыл уақыт аралығымен жүзеге асырылып, нысанның жұмысын бұзумен қатар, станцияның жедел қызметкерлері арасында адам шығынын көздеді», — деп жазылған ақпаратта.
Шабуылдан зардап шеккендер жоқ.
«Консорциум қызметкерлері мұнайдың төгілу қаупінің алдын алды», — деп жазылған ақпаратта.
Станция қаншалық зақымға ұшырағанын және қалпына келтіру мерзімдерін бағалау үшін КҚК бас директоры Николай Горбан бастаған басқарушы топ оқиға орнына келген.
«Қазір «Кропоткинская» ЖЗҚ-ны пайдалану тоқтатылды. Теңіз-Новороссийск құбыр жүйесі арқылы мұнайды тасымалдау ЖЗҚ-ны айналып өтіп, айдаудың төмендетілген режимдерінде жүзеге асырылады», — деп жазылған хабарламада.
Халықаралық консорциум акционерлеріне, соның ішінде АҚШ пен Еуропадағы компанияларға ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану арқылы азаматтық мекемеге жасалған шабуыл және оның салдары туралы құлағдар етілген.
Қазақстанның Энергетика министрлігі КҚК қазақстандық мұнайды шектеусіз қабылдайтынын хабарлады.
«КҚК тарапынан қазақстандық мұнайға шектеулер жоқ, қабылдау штаттық режимде жүзеге асырылады», — деді Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі өкілі.
https://massaget.kz/news/kaspiy-kubyir-konsortsiumyina-dron-shabuyilyi-jasaldyi-munay-125373/?fbclid=IwY2xjawIgEShleHRuA2FlbQIxMQABHfoZymRDBLJe-jwmgwJmLxtVgjX51r_Jd8NiGJ2QPl7QZmveCTXfD5-2dQ_aem_Zg14CX8Bjju_OJtnWy5GIQ