Кәсіби жастардың «Профи — 2020» атты облыстық байқауының өтті

450

Жастарды қай жағынан болмасын қолдау-басқарманың негізгі міндеттерінің бірі. Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін басқарма тарапынан интеллектуалды жиындар, көңілді ойын-сауық шаралары және қайырымдылық жұмыстары жасалады. Қоғамдағы белсенді жастар, жұмысшы жастар және кәсіби жастар үшін де жеке-жеке шаралар бар. Бұл жолы жастардың кәсіби шеберлігін қолдау және дамыту, жұмысшы жастарды мамандықтарға тарту, жастарға мамандық таңдауға ықпал ету, еңбек нарығында олардың бәсекелестігін арттыру мақсатында жыл сайынғы «Профи-2020» атты облыстық байқауы өткізілді. Әлемдегі соңғы жағдайға байланысты биылғы «Профи-2020» байқауы онлайн түрде өтті. Қатысушылар «Шаштаразшы: әйелдер және ерлер шебері», «Аспазшы», «Дәнекерлеуші» және «Маникюр ісінің шебері» номинациялары бойынша бақтарын сынады. Аталған бағыттар бойынша мамандардың жұмыстары бейнетаспамен жолданды. Бұл жылғы «Профи-2020» байқауына Тараз қаласы мен аудандардан 30-ға жуық кәсіби жас қатысты. Әділ-қазылардың шешімі бойынша төмендегі үміткерлер жүлделі орынға ие болды.

1) «Шаштаразшы: әйелдер шебері» номинациясы бойынша:

І орынды — Жәрек Нұрсұлтан Сәкенұлы (Меркі ауданы),

ІІ орынды – Гусейнова Мариана (Шу ауданы),

ІІІ орынды – Коваль Ольга (Шу ауданы) иеленді;

2) «Шаштаразшы: ерлер шебері» номинациясы бойынша:

І орынды Сәрсенбеков Нурсултан Джомартович (Тараз қаласы),

ІІ орынды – Бақтыбеков Сұңқар Саматұлы (Тараз қаласы),

ІІІ орынды – Бейсенғазы Қуаныш Серікұлы (Шу ауданы) иеленді,

ІІІ орынды – Қрымбетов Қайрат Максетович (Меркі ауданы) иеленді;

3) «Аспазшы» номинациясы бойынша:

І орынды – Жанабек Несібелі Жамбылқызы (Байзақ ауданы),

ІІ орынды – Рахметова Гүлзат Еркебекқызы (Меркі ауданы),

ІІІ орынды – Қайралапова Алуа Асхатқызы (Меркі ауданы) иеленді;

4) «Дәнекерлеуші» номинациясы бойынша:

І орынды – Әбілдаев Азамат Елубайқызы (Жамбыл ауданы),

ІІ орынды – Худайбергенов Амантай Худайбергенұлы (Байзақ ауданы),

ІІІ орынды – Ержанұлы Есейхан (Жуалы ауданы) иеленді;

5) «Маникюр ісінің шебері» номинациясы бойынша:

І орынды – Мыңбай Ақерке Қайратқызы (Шу ауданы),

ІІ орынды – Айдаш Назгуль Қанатбекқызы (Мойынқұм ауданы),

ІІІ орынды – Сауқымбай Махаббат Ғалымжанқызы (Тараз қаласы),

ІІІ орынды – Агаева Севиль Табакуловна (Меркі ауданы) иеленді;

Жүлделі орынға ие болған кәсіби жастар облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар ресурстық орталығының» арнайы дипломдарымен және теледидар, газ плитасы, кір жуғыш машина, қысқа толқынды пеш, тігін машинасы, бу үтігі сынды бағалы сыйлықтармен марапатталды, ал байқауға қатысқан барлық қатысушыларға ынталандыру мақсатында сертификаттар берілді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.