«Қасақана өлтірген жоқпын»

278

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Прокурор тарапынан тағылған айыпты жоққа шығарып, кінәсін мойындамайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мен өз оқиғамды сот алдындағы тергеуде де, еш жерде де айтуға мүмкіндік болмады. Прокурордың қазіргі оқып отырғанының бәрі негізінен дәлелі жоқ сөздер. Сол себепті Қылмыстық кодекстің 110-бабына қатысты қылмыс жасаған жоқпын. Кінәмді мойындамаймын, — деді Қуандық Бишімбаев елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында.

Сонымен қатар Судья Айжан Құлбаева қылмыстық кодекстің 99-бабы (аса қатыгездікпен адам өлтіру) бойынша сотталушының ойын сұрады.

Бұл бап бойынша да дәл сондай пікірдемін. Адамды аса қатыгездікпен әдейі өлтірген жоқпын, — деді Бишімбаев.

Ал, Қылмыстық іс бойынша сотталушы Бақытжан Байжанов қылмыс жасаған-жасамағанын білмейтінін айтты.

Бейнені өшіруді сұрағанымды мойындаймын. Сондай-ақ Салтанаттың телефонын үйіне апаруды сұрадым. Қылмыс жасадым ба, білмеймін. Сол сәтте Салтанаттың өлім аузында жатқанын не қайтыс болғанын білген жоқпын,  —  деді Байжанов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.