Қаржы мониторингі өз қызметкерінің қару және есірткімен ұсталғаны туралы ақпаратты теріске шығарды

135

“Әлеуметтік желілерде және түрлі БАҚ-та қару табылған Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкері Е.Д.Нұрғазы есімді азаматты полиция ұстағаны туралы тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Нұрғазы Е.Д. қаржылық мониторинг органдарының қызметкері болмаған және қазіргі уақытта бұндай қызметкер жұмыс жасамайды», — деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық ғаламтор беттерінде Қаржы мониторингі агенттігінде жұмыс істейтін қызметкердің ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Ұсталған уақытта оның көлігінен есірткі мен қару табылған.

https://stan.kz/karzhi-monitoringi-oz-kizmetkerinin-karu-zhane-esirtkim-372325/

Leave A Reply

Your email address will not be published.