ҚАРЖЫ АРДАГЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

35

«Ардагерін ардақтаған ел азбас», деген тәмсіл аудан әкімдігінің қаржы бөліміне қаратыла айтылғандай.

Бүгін аталған бөлімінің басшысы Маржан Байгелді бастаған ұжым қаржы қызметкерлерінің 30 жылдық кәсіби мерекесіне орай бөлімде ұзақ жылдар қалтықсыз қызмет еткен сала ардагерлері Әбілдахан Амиров пен Нышанкүл Айнабекованың шаңырағына арнайы барып: «Сіздердің әрбір гауһар тасқа бергісіз айтқан кеңестеріңіз жас қаржыгерлерге өнеге әрі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, оң өзгерістерге қосқан үлестеріңіз аз емес. Қаржы ардагерлері қашан да құрмет төрінде болады, – деп ізгі тілегін жеткізіп, сый-сыяпатын ұсынды.

– Зейнетке шыққаннан кейін үйде отырып қалмай, әлі де еңбегімізді бағалайтын, бізді құрметтейтін ұжым бар екеніне қуанамыз, бүгінгі тосын сый жүрекке жылулық сыйлайды, – деген ардагерлер мерейлі мерекесін ескерген ауданның бас қаржыгері Маржан Байгелді бастаған ұжымға алғыстарын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.