ДЕРТТЕН САҚТАНАЙЫҚ

119
Жамбыл ауданы әкімінің өкіміне сәйкес қызылша, жіті ішек аурулары, тұмау және ЖРВИ, туберкулездің, вирусты гепатит, менингит жұқпасының алдын алу мақсатында Жамбыл ауданының елді мекендерінде тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Бүгін Шайқорық ауылында
ақпараттық топ мүшелері түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында топ мүшелері тұмау және ЖРВИ, әсіресе, қазіргі уақытта өршіп тұрған қызылша ауруының белгілері, оның алдын-алу және емделу жолдары туралы кеңінен тоқталып, түсіндіріп өтті. Өз сөзінде қызылшаның алдын алудың бірден-бір жолы екпе алу екенін баса айтып, ауыл тұрғындарын екпе алуға шақырды.

 

Жамбыл ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.