Қарағандыда автожанармай құю стансаларының біріне найзағай түсіп, жарылыс болды.
Куәгерлердің айтуынша, жарылыс 12 шілдеде болған. Қатты тарс еткен дауыс шығып, жанармай бекетінің тас-талқаны шыққан.
Қарағанды облыстық ТЖД-да хабарланғандай, 12 шілдеде 15:43-те Совхозная көшесінің бойындағы «Вита Марс» автожанармай құю стансасына найзағай түскені туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына 5 техника мен өрт сөндірушілер және құтқарушылардан құралған 24 адам барған.