Қарағандыда 85 жастағы әйел өз ұлын өлтірді деген күдікке ілінді, – деп хабарлады turkystan.kz.
26 сәуір күні Ермеков көшесіндегі пәтерлердің бірінен зорлық-зомбылықпен өлтірілген белгілері бар ер адамның денесі табылды.
Облыстық полицияның мәліметінше, оның жанында 85 жастағы анасы болған.
«Анасы мен баласы облыстық психоневрологиялық диспансерде есепте тұр. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтіру) қылмыстық іс қозғалды», – деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
https://turkystan.kz/article/221925-karagandyda-zeynetker-oz-ulyn-oltirdi-degen-kudikke-ilindi/