ТЖМ
https://turkystan.kz/article/271825-qaragandyda-ort-bolyp-35-adam-evakuaciialandy
Бүгін Қарағанды қаласының Мұқанов көшесінде, 10 қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде электр кабельдері жанды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қатты түтіндеп, кіре беріске тез таралған. Осылайша жоғарғы қабаттардың тұрғындарына қауіп төндірген.
Оқиға орнына ТЖД бөлімшелері жедел келіп, барлау мен адамдарды эвакуациялауға кірісті. ТЖМ күштері құтқару қалпақтарының көмегімен 15 адамды оның ішінде 5 бала құтқарып, 20 адам, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады. Адамдарды жылыту үшін арнайы «Вахтовка» арнайы көлігі жұмылдырылды.
Өрт сөндірушілердің дер кезінде әрекет етуінің және сауатты іс-қимылдарының арқасында өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/271825-qaragandyda-ort-bolyp-35-adam-evakuaciialandy