Қарағандыда ферроқорытпа зауытындағы апаттан денесінің 85 пайызы күйген жұмысшы қайтыс болды

86

Фото: Pixabay.com

Дәрігерлер қайтыс болған жұмысшының жақындарына көңіл айтты.

“Дәрігерлер барынша тырысты, бірақ зардап шеккен жұмысшылардың бірін аман алып қала алмады. Осы уақытқа дейін жағдайы өте ауыр болды. Денесінің 85 пайызын күйік шалған 1993 жылы туған науқас қайтыс болды. Марқұмның жақын туыстарына шын жүректен көңіл айтамыз”, – деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.



Еске салайық, 20 шілдеде Қарағанды ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай болып, 8 жұмысшы әртүрлі дәрежеде жарақат алғанын жазған едік. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, арнайы комиссия да құрылған.

Сондай-ақ әлеуметтік желіде күйіп қалған жұмысшылар “Газельмен” ауруханаға жеткізілгені туралы ақпарат тарады.

https://stan.kz/ferrokoritpa-zauitindagi-apattan-zardap-shekken-kizmetk-403635/

Leave A Reply

Your email address will not be published.