Қарағанды облысында полицей түтінге тұншыққан бала мен зейнеткерді құтқарды

56
Қарағанды облысында полицей түтінге тұншыққан бала мен зейнеткерді құтқарды
Polisia.kz
Қарағанды облысында полицей түтінге тұншыққан бала мен зейнеткерді құтқарды: 26 желтоқсан 2025, жаңалықтар Turkystan.kz

Қарағанды облысы Саран қаласында адам өмірін арашалап қалған нағыз ерлік сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Жедел басқару орталығының камералары Дамир Оразалиннің түтінге тұншығып жатқан үйден кішкентай бала мен сал ауруына шалдыққан зейнеткерді құтқарған сәттерін тіркеген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға кешкі уақытта көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде орын алған. Балкондағы қысқа тұйықталу салдарынан өрт тұтанып, қою түтін бүкіл подъезді жайлаған. Сол сәтте демалыста жүрген полиция қызметкері Дамир Оразалин досы Николай Тарасовпен бірге жақын маңда серуендеп жүріп, қауіпті жағдайды байқап қалады.

Еш ойланбастан олар үйге қарай жүгіріп, тұрғындарды құтқаруға кіріседі. Қауіп туралы ескерту үшін бірінші қабаттағы пәтерлердің терезелерін қағып, адамдарды тез арада сыртқа шығуға шақырған. Подъездің есігі ашылған бойда Оразалин тұрғындарды эвакуациялауды өзі қолына алған.

Бейнекадрларда полиция қызметкерінің алдымен кішкентай баланы қауіпсіз жерге алып шығып, кейін қайта кіріп, сал ауруына шалдыққан әжейді қолына көтеріп сыртқа алып шыққаны анық көрінеді. Ал оның досы Николай өрт шыққан пәтердің иесімен бірге терезелерді сындырып, өрт ошағына қар лақтырып, жалынның одан әрі өршуіне жол бермеуге тырысқан.

Полиция қызметкері мен оның досының шұғыл, батыл әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында ауыр зардаптың алдын алып, адам шығынына жол берілген жоқ.

Бөлісу:
portal.yandex.kz

Жарнама16+

Главные новости спорта
Расширенный ответ в поиске Яндекса. Настройте браузер на вашем смартфоне

Серіктес жаңалықтары

Алматы метросының жаңа желілерін шетелдік мердігерлер салуы мүмкін

«Қолында түгі жоқ жігітке шықтым»: Мөлдір Мұқанның сөзі жұрттың ашуын тудырды

Жаңа Құрылыс кодексінде сейсмикалық қауіпсіздікке қатысты арнаулы нормалар енгізіледі

«10-ақ минутта жаздым»: Жүрсін Ерман Асанәлі Әшімовтің ұлдарына арнаған әні туралы (ВИДЕО)

Мектеп директорлары енді 10 жылдан артық қызметте отыра алмайды

Алматы метросының жаңа желілерін шетелдік мердігерлер салуы мүмкін


Leave A Reply

Your email address will not be published.