Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының аяқталуына тура 3 күн қалды. Аталған додада қазақстандық спортшылар әлі де сынға түсіп жатыр.
Атап айтсақ, шаңғы жарысының классикалық түрінен 7,5 шақырымдық бәсекесінде, сондай-ақ керлингтен аралас жұптық сайыста ел құрамасы Италияға қарсы ел намысын қорғайды.
Сайыстар Астана уақыты бойынша көрсетілген.
Шаңғы жарыстары
Классика. 7,5 шақырым.
8:00. Қыздар
10:30. Ұлдар
Берік Боранбаев
Әубәкір Тотанов
Милана Мамедова
Виолетта Митропольская
Керлинг
15:00. Аралас жұптық бәсеке.
Қазақстан – Италия
Мерей Тастемір
Ибрагим Тастемір.
Айта кетейік, Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың 5 түрінен 10 дисциплина бойынша 41 спортшы қорғап жатыр.
Канвонда қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының алауы 19 қаңтарда тұтанған. Жарыс 1 ақпанда мәресіне жетеді.
https://turkystan.kz/article/239353-kanvon-2024-b-gin-zharys-zholyna-kimder-shy-ady-4