Канадада 550 жолаушысы бар ұшаққа найзағай түсті

74

Ванкуверден Лондонға бағыт алған Air Canada авиакомпаниясының Boeing 777-300 ұшағына найзағай түсті. Бортта 550 жолаушы болған.

СityNews басылымының мәліметінше, лайнерге орнатылған найзағайға қарсы арнайы жүйенің арқасында ұшақ ішіндегілер апаттан аман қалған. Бұл жайттан кейін ұшақ ұшуын жалғастырып, Хитроу әуежайына қонды.

«Ұшақ Ванкувер халықаралық әуежайынан көтерілгеннен кейін көп ұзамай найзағай соқты», — деп жазды аталған басылым.

Ұшаққа найзағай түскен сәттің видеосы желіде кең тарап кетті.

https://smi24.kz/kk/news/novosti/kanadada-550-jolaushyisyi-bar-ushakka-nayzagay-tust-1356392/

Leave A Reply

Your email address will not be published.