ҚАМКӨҢІЛ ҚАРТТАРҒА АС БЕРІЛДІ

178
Бүгін ауданымыздағы белді кәсіпкерлердің ұйытқы болуымен жалғызілікті қарттар мен мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, дастархан жайылды.

Бұған дейін де “Нағыз патриоттар” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ғалия Әбітаева зағип жандарға қолдау көрсетіп, қайырымдылық жасаған болатын. Қазіргі таңда ауданымызда жүзден аса жалғыз тұратын қариялар бар. Біз оларды  әсте ұмытқан емеспіз. Әрбір мереке сайын демеушілермен бірлесіп, түрлі шаралар өткізіп келеміз. Бүгінгі шара да соның айғағы.

Өңірімізде дәл осындай игі бастамалардың басы-қасынан табылатын, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге әрдайым әзір жүретін демеушілер жетерлік. Осыған орай, бүгінгі қайырымдылық шарасы барысында бірқатар жеке кәсіпкерлерге алғыс айтып, құрмет көрсеттік. Дәлірек айтқанда бүгінгі игі шараға атсалысқан аудандымыздағы Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Ләйлә Жүнісәлиеваға “Шу ауданына сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісін табыс еттім.

Сәкен Арубаев, Шу ауданының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.