Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №25 мекемесінің кіші басшы құрамы арасында Калашников автоматын қолдану бойынша оқу-жаттығу өткізілді. Мұндай жаттығулар қызметкерлердің қаруды дұрыс пайдалануын, атыс дағдыларын жетілдіруін және төтенше жағдайларда жылдам әрі тиімді әрекет етуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Оқу-жаттығу барысында:
•Қаруды қауіпсіз қолдану ережелері,
•Дәлдік пен шапшаңдыққа бағытталған тәжірибелік атыс,
•Қаруды жинау және бөлшектеу,
•Төтенше жағдайларда әрекет ету тактикасы қарастырылған.
Мұндай дайындық шаралары құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға және олардың қызметтік міндеттерін тиімді орындауына септігін тигізеді.

Емісбеков Бекарыс