Қаламыз көркейіп, берекесі еселене берсін!

211
Құрметті тараздықтар!
Қадірлі қала қонақтары!
Баршаңызды қала күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін барша тараздықтар мен қонақтар үшін дәстүрге айналған салтанатты күн. Қаламыздың өткен өнегесі мен жарқын бүгінін айшықтайтын мерейлі мереке.
2000 жылдан астам тарихы бар Тараз – тек еліміздегі ғана емес, Орталық Азиядағы ең көне қалалардың бірі.
Мұны айғақтайтын тарихи негіздер, мазмұнды мысалдар аз емес. Өткені өнегеге толы көне шаһардың тарихын таныту арқылы өңірлік туризмді дамытуға да жол ашуға болады.
Кешегі келбеті мен бүгінгі болмысы жарасымды үйлесім тауып келе жатқан шаһарымыздың шырайын арттыру жолында жұмыла жұмыс жасау – баршамыздың мерейлі міндетіміз.
Жуырда ғана Киелі Әулиеата жерінде «Тараз – қолөнершілер қаласы» халықаралық қолөнершілер көрмесі өтіп, Тараз қаласының Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне ресми түрде енуінің куәсі болдық. Бұл өңірдің мәдени-туристік саласындағы ең ірі оқиғасы деп санауға болады! Тарихи Тараз – бұл тізімге енген еліміздегі алғашқы қала. Шырайлы шаһар оған өзінің үлкен туристік және қолөнершілік әлеуеті арқасында еніп, лайықты құрметке ие болып отыр.
Баршаңызды осы қуанышпен және қала күні мерекесімен құттықтай отырып, амандық, сәттілік, жарқын ғұмыр тілеймін!
Шырайлы шаһарымыздың таза, тартымды бола түсуі үшін жалпыңызды жұмыла жұмыс істеуге, ортақ жауапкершілікті сезінуге шақырамын!
Қаламыз көркейіп, берекесі еселене берсін!

Нұржан Нұржігітов, Жамбыл обылсының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.