Қалалық мәслихаттың отыз үшінші сессиясы өтті

62
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков сегізінші шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс 33-ші сессиясына қатысты.
Жиын барысында шаһар басшысы «Жібек жолы» ауданы әкімінің қызметіне Аралбекова Қарлығаш Әмірқызының кандидатурасын ұсынып, оның өмір жолымен таныстырды.
Депутаттар басым дауыспен аудан әкіміне үміткердің кандидатурасын қолдады.
Келесі кезекте жиынның күн тәртібіне сәйкес «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №25-3 шешіміне өзгерістер енгізу, Тараз қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшермесінің мөлшерін төмендету, «Тараз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 15 наурыздағы №14-8 шешіміне өзгерістер енгізу, «Тараз қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №25-6 шешіміне толықтыру енгізу, «Тараз қаласы әкімдігі жанындағы рәміздер жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі №2-7 шешіміне өзгерістер енгізу және «Тараз қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 4 ақпандағы №12-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер жан-жақты қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.