Қала әкімі белсенді жастармен жүздесті

150
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков белсенді жастармен кездесті. Әуелі сөз алған шаһар басшысы мемлекет тарапынан жастарға жан-жақты қолдау көрсетіле беретінін жеткізді.
– Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда. Өздеріңіздей білімді, саналы, дарынды жастарымыз барда мемлекетіміздің келешегі кемел болары сөзсіз. Бүгінде сүйікті қаламыз – Тараз жастардың мекеніне айналып келеді. Мемлекеттің қолдауының арқасында қаламыз ғана емес, еліміздің абыройын әлемге танытып жүрген өрендеріміз жетерлік. Біз жастар тарапынан айтылған әрбір жаңашыл идея мен тың ұсынысқа қолдау білдіруге дайынбыз. Бүгінгі басқосуымыздың басты мақсаты да осы, – деген Бақытжан Әмірбекұлы түрлі салада жетістікке жеткен жастарға арнайы Алғыс хаттарды табыстады.
Жастар да өз кезегінде көкейдегі сауалдарын жолдап, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

 

Тараз қаласының әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.