Қала әкімі асыл аналарға құрмет көрсетті

350

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қаладағы бірқатар ақ жаулықты аналардың үйіне барып, мерекемен құттықтады.

Шаһар басшысы әуелі бүкіл өмірін ұстаздық қызметке арнап, №45 мектеп-гимназиясынан зейнетке шыққан ардагер-ұстаз, ардақты ана Манат Асанованың шаңырағын ат басын бұрды.

Осы күні Б. Орынбеков балалар дәрігері, кейін теміржол ауруханасында балалар ревматологы болып қызмет атқарған, ғасыр жасап отырған Землянская Анна Кузьминичнаға және «Алтын алқа» иегері, еңбек және тыл ардагері Салиха Бестерековаға да  құттықтау лебізін арнады.

Қариялар өз кезегінде шаһар басшысына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.