«Қақпа алдындағы кездесу» өтті

58

Жамбыл обылысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекемесінде жазасын өтеген азаматтың бостандыққа шығуына байланысты «Қақпа алдында кездесу» шарасы өткізілді.

Аталған шараға мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Нұрсұлтан Каипов, Тараз қалалық №1 Пробация қызметінің инспекторы әділет аға лейтенанты Әуен Азамат, Тараз қаласы «Мансап» орталығының қызметкері Мұрат Әмреев қатысты.

Басқосу барысында босатылған азаматтақа еркіндіктегі өмір жағдайына қалыптасып, қайта қылмыс жасамай сыртқы ортаға бейімделуіне құқықтық және әлеуметтік көмектер көрсетілетіні жөнінде түсінік берілді.

Азаматт өзінің алға қойған мақсаты бар екенін, алдағы уақытта қайта қылмыс жасамайтынын айтып, заң алдында адал өмір сүруге уәдесін берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.