«Қақпа алдындағы кездесу»: үш азамат бостандыққа шықты

148

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты № 25 мекемесінде өткен «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында 3 азамат бостандыққа шықты. Жобаның мақсаты – түрмеден босатылған азаматтардың жұмысқа орналасып, олардың қоғамға бейімделуіне жол ашу, құжаттандыру, әлеуметтік байланыстарды қалпына келтіруге жәрдемдесу.

Мекеменің ЕТҚЕ инспекторы, әділет аға лейтенанты Кәмшат Әбдімомынованың ұйымдастыруымен өткен кездесуге аталған мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Ә. Дәулетқұлов, Тараз қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығының бас маманы М. Әмреев, Тараз қалалық басқармасының қызметкері, полиция майоры Ф. Кодиров және Тараз қалалық №1 Пробация қызметі бөлім бастығының орынбасары, әділет майоры Р. Хамитова қатысты.

Жоба нәтижесінде бір азамат шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Сонымен қатар, 2 сотталған жазасының өтелмеген бөлігі неғұрлым жұмсағырақ жазаға ауыстырылып, бостандыққа шықты. Жиын барысында азаматтарға қайталанған құқық бұзышылыққа жол берген үшін қандай жауапкершілікке тартылатыны ескертіліп өтті. Сондай-ақ,  Пробация қызметінің мамандары бостандыққа шыққан азаматпен алдағы уақытта әлуметтік ортаға қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізетіні атап көрсетілді.

Қоғамға қайта қосылған азаматтарды туған-туыстары күтіп алып, қуаныштарын жасырмады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.