Кадр қызметкерлерін құттықтады

418

Елімізде мамыр айының 24-і күні қадр қызметкерлерінің күні аталып өтіледі. Жауапты мамандық иелерінің кәсіби мерекесіне орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы,  әділет полковнигі Нияз Рыспаев департаментке қарасты мекемелердің кадр саясаты бөлімінің қыызметкерлерін қабылдап, құттықтауын жеткізді.

Олардың қатарында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖДБ-158/2 мекемесі кадр саясаты бөлімінің бастығы, әділет аға лейтенанты Айгүл Жунисова және кадр саясаты бөлімінің инспекторы, әділет лейтенанты Мұрат Игембай да бар.

Жиын барысында департамент бастығы Нияз Қанатұлы кадр қызметкерлерін арнайы грамоталармен марапаттап, ізгі тілектерін білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.