Қабырғалары жарылған: Алматы облысында 94 миллион теңгеге салынған полиция бөлімшесінің ғимараты қирап жатыр

77

Полицейлердің айтуынша, ғимарат қызметкерлерге ғана емес, тұрғындарға да қауіпті. Бірақ жауапты органдар ғимаратты қауіпті деп тануға асығар емес. Полиция бөлімшесі өткен қыста салынған. Десе де қабырғалары жарылып кеткен.

“Қазір мәселе анықталып жатыр, бірақ жобаны тапсыру кезінде ешқандай ауытқулар болған жоқ. Жарықтың себебін анықтау үшін мамандарды шақырдық, бірақ біз кінәлі емеспіз. Біз жобаны барлық талаптар бойынша тапсырдық. Кім кінәлі екенін сарапшылар анықтасын», – дейді құрылыс учаскесінің басшысы Әсет Боранғазиев.

Полицейлердің айтуынша, алғашқы жарықтар наурыздың басында байқалған. Содан кейін олар ақауды түзетеміз деп уәде берген мердігерлерге жүгінді.

“Кейде қорқамыз, өйткені ауыл адамдары бізге келеді. Күніне шамамен 10 адамды қабылдаймыз. Біз мұнда қаңтардың соңында көшіп келдік. Жер сілкінгенде ешқандай жарықтар болған жоқ, бірақ кейін зілзала себеп болған шығар, білмеймін. Бірақ күн сайын қабырға сөгіліп жатқанын байқаймын», – деді Талғар аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Мадияр Жақабаев.

Мамандардың айтуынша, ғимараттың шөгуінен есік толық ашылмай қалған. Мамандар топырақтың нашар тығыздалуынан осындай болды деп ойлайды.

Аудандық құрылыс бөлімі жоба пайдалануға берілгенге дейін олқылықтардың болғанын алға тартты. Ал қалпына келтіру жұмыстары мердігерлердің жеке қаражаты есебінен жүргізіледі.

“Нысан апатты деп танылмады. Кеше ғана мердігер тараппен, авторлық және техникалық қадағалаумен бірлесе отырып, хаттама жасап, тапсырма бердік. Мұнда тәуелсіз сарапшыларды тартып, сараптама жүргізу керек», — деді директордың міндетін атқарушы, Талғар аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Сәбит Тұрсынов.

Мұндай жағдай ғимарат ішінде ғана емес, сыртында да орын алған. Ол жердегі жол жамылғысы деформацияланған. Мұның не екенін құрылыс саласының маманы Тахиржан Құрбанқұлов айтты. Жарықтың ені – 2 сантиметр, оның айтуынша, бұл тірек құрылымына айтарлықтай зиян келтіреді.

“Менің ойымша, басты қателік – іргетастың негізін, топырақты нығыздау сапасыз жүргізілген. Топырақтың қалқып жатқаны анық, өйткені ғимараттың айналасында барлық жерде шөгу бар, шөгу барлық жерде толығымен жүріп жатыр», – деді сарапшы Тахиржан Құрбанқұлов.

Аудан әкімдігі ғимараттың құрылысына бюджеттен 94 миллион теңге бөлінді деп сендірді. Дегенмен мүліктің тағдыры не болатыны сараптама қорытындысын алғаннан кейін белгілі болмақ.

 

stan.kz

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.