Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауда әлеуметтік көмек алу, тұрғын үй алу, тұрақты жұмысқа орналасу және өзге де жеке мәселелер бойынша тұрғындар болды.![]()

Қабылдау барысында азаматтардың өтініштерін тыңдаған Сәкен Үмбетұлы барлық мәселелер тиісті заңнамалар аясында қарастырылатынын айтып, заңға сәйкес шешілу жолдарын түсіндірді.
Қадағалауды қажет ететін мәселелер бойынша жан-жақты зерделеп, жұмыс жүргізу үшін жауапты сала басшыларына
тапсырмалар жүктеді.