ҚАБЫЛДАУ

55
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Қайрат Серимов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауда тұрғын үй алу, әлеуметтік көмек алу, спорт алаңшасын салу және өзге де жеке мәселелер бойынша тұрғындар болды.
Қабылдау барысында азаматтардың өтініштерін тыңдаған Қайрат Маратұлы әр мәселеге жеке тоқталып, тиісті заңнамаға сәйкес шешілу жолдарын түсіндірді.
Қадағалауды қажет ететін мәселелер басшылыққа алынып, бұл мәселелер бойынша жұмыс жүргізу үшін жауапты сала басшыларына тапсырмалар берілді.

 

Сарысу ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.