Күрделі мәселелер кезеңімен шешіледі

85

Ағымдағы жылдың 6 айында Талас ауданының прокуратурасы облыс прокуратурасымен бекітілген 7 өзекті бағыттар және жергілікті деңгейде бекітілген жүйелі бұзушылықтарды шешу бойынша жұмыстар атқарды.

Атап айтқанда, ірі кәсіпорындар мен шалғай ауылдарға уәкілетті органдардың өкілдерімен шыға отырып, халықтың көкейкесті мәселелерін анықтап, оларды шешуге бағытталған кездесулер ұйымдастырылды.

Қабылданған шаралармен «Қаратау ПРО» ЖШС-ның жұмыскерінің банктік есептік шотына бір жылдан астам уақыт жеке сот орындаушымен салынған тыйым жедел алынды.

Бұдан бөлек, Талас аудандық электр жүйесінің күзет қызметкеріне 2 ай бойы төленбеген 150 мың теңге есеп айырысу қаражаты мен жалақысы төленуі қамтамасыз етілді.

Жалпы, аудандық прокуратурамен және уәкілетті органдармен бірлесіп атқарған іс-шаралардың нәтижесінде қылмыстар 33,7 пайызға және қылмыстық теріс қылықтар 48,3 пайызға төмендеген.

Енгізілген 51 қадағалау актісін қарау нәтижесімен 113 тұлға тәртіптік және 22 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 1 725 000 теңге айыппұл өндірілді.

9 761 азаматтың, оның ішінде 133 кәсіпкердің құқықтары қорғалып, 16,1 миллион теңгеге өтелген залалдың 9,1 миллион теңгесі мемлекеттік бюджетке өндірілді. Мемлекетке 3,360 миллион теңгеге мүлік қайтарылды.

Білім саласында 83 оқушы 3,1 миллион теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етіліп, қауіпсіздікті сақтау үшін Қаратау қаласындағы 5 718 оқушысы бар мектептерде бейнебақылау жүйесі орнатылды.

Аудандық білім бөлімінің ұжымдық еңбек шартына өзгеріс енгізіліп, білім саласында 3 624 жұмысшының құқықтары қорғалды.

Ұзақ мерзім пайдаланбаған кадастрлық құны 3,360 миллион теңгеге 5 жер телімдері мен заңсыз жекешелендірілген 7,6 миллион теңгелік коммуналдық мүлік мемлекет пайдасына қайтарылды.

Талас ауданының прокуратурасы жанында құрылған мобильдік топпен енгізілген наразылық бойынша сот арқылы 13 кәсіпкерге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 284-бабының 3-бөлігімен толтырылған хаттамалар заңсыз деп танылған.

Қаратау қаласында жүк көліктерінің жүруіне заңсыз шектеу қойылған жол белгілері қадағалау актісі бойынша алынып, нәтижесімен 133 кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды.

Атқарушылық іс жүргізудің саласында 9,3 миллион теңге (оның ішінде 2,8 миллион теңге алимент пен 6,5 миллион теңге мемлекет пайдасына) өндіріліп, алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкер Д.С. Қылмыстық Кодекстің 139-бабымен қылмыстық жауаптылыққа тартылып, 1 миллион теңге алимент төленді.

7 өзекті бағыттар және жергілікті деңгейде бекітілген жүйелі бұзушылықтарды шешу бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесі биылғы жылы 6 маусымдағы облыс прокурорының төрағалығымен өткізілген мәжілісте талқыланып, алдағы жартыжылдықта орындауға жататын тапсырмалар берілді.

Жомарт НАУАТОВ,
Талас ауданының прокуроры.

Leave A Reply

Your email address will not be published.