Израиль, Хамас және АҚШ бітімге келді – БАҚ

77

Фото: hindustantimes.com

Басылымның хабарлауынша, келісім шарттарына сәйкес, әскери қимылдардағы үзіліс бес күнге созылады. Ол Газа секторына Мысырдан жеткізілетін гуманитарлық көмек, соның ішінде жанар-жағармай көлемін арттырады.

Сондай-ақ басылымның жазуынша, палестиналық топ ондаған кепілге алынғандарды босатуға міндеттелді. Кепілге алынғандардың алғашқы топтары жақын күндері тасымалдана бастайды. Бітімгершілікті сақтау «әуеден бақыланады».

Айта кетейік, Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс 7 қазанда таңертең басталды. Израильдегі тұрақсыз жағдайға байланысты Air Astana әуе компаниясы Тель-Авивке барлық рейсті уақытша тоқтатты. Еліміздің Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына мәлімдеме жасады. Түрік оппозициясы мен Иран парламенті Израиль мен Палестинаның арасындағы әскери қақтығыста Палестинаны қолдады. Израиль қорғаныс күштері ХАМАС-қа қарсы құрлық операциясы кезінде Газа секторындағы ең үлкен Әл-Шифа ауруханасын қоршауға алғанын хабарлаған болатынбыз.

https://stan.kz/izrail-hamas-zhane-aksh-bitimge-keldi-bak-391364/

Leave A Reply

Your email address will not be published.