Із-түзсіз жоғалған Алматы, Шымкент тұрғындарының денесі табылды

102

Алматы мен Шымкенттің із-түзсіз жоғалып кеткен тұрғындары өлі табылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Өлімінің мән-жайы анықталмаған. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында бөлісті, деп жазды Tengrinews.kz.

Алматыда 27 маусымда 2007 жылы туған Ешмұхамбет Нұралы Жайықұлы жоғалып кетті. Ол сағат 22.00 шамасында Алатау ауданы, Ұлжан-1 ықшамауданы, Сарыбастау көшесі 36 мекенжайы бойынша үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған.

14 шілдеде жоғалған ер адамның көз жұмғаны белгілі болды.

Алтынбаев Фархат Қадырбаевич, 1991 жылы туған, 2022 жылғы 27 сәуірде жоғалып кеткен. Сағат 6:30 шамасында Игілік шағынауданы, Іркөл көшесі мекенжайындағы үйден шығып кеткен. Ер адам белгісіз бағытқа кетіп, жоғалып кеткен. Хабар-ошарсыз кеткен бірінші топтағы мүгедектің бағдары бұзылғаны нақтыланды.

https://turkystan.kz/article/227947-iz-tuzsiz-zhogalgan-almaty-shymkent-turgyndarynyn-denesi-tabyldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.