ИТТІҢ БАЛАСЫ БОЛСАМ, СІЗДЕН АУЛАҚ КЕТПЕГЕНІМ

48
Баяғыда Бөлтірік атты бір бала болыпты. Ол әке-шешеден жастай айырылады. Бұғанасы қатпай байлардың қозысын бағып, отының жарып, күлін шығарып, күнін көріп жүреді. Бірақ ішсе тамаққа, кисе киімге жарымайды.
Бір күні жанашыр ауылдасы:
-Әй, Бөлтірік, сегізге келдің, сергелденде жүрсін. Жаным ашып айтамын, сонау Балқаш деген жерде әкеңмен тумалас Қоңырбай атты бай нағашың бар. Соның саясын паналап ер жеткенің дұрыс қой-дейді. Бөлтірікке ой түседі: «Бұл жерде жаны ашитын адамым жоқ, маңдайымнан сипайтын қол жоқ. Одан да түбі бір, туысы бір нағашымды паналағаным дұрыс болар. Етіне тояйын, тайына мінейін, киімімді бүтіндейін» деген шешімге келеді. Көп ұзамай сол жаққа баратын керуенге ілесіп, нағашысының ауылына келіп жетеді. Бөлтірікті көрген нағашысы қуанып:
-Әй, бала, жақсы келдің ғой, не істерімді білмей отыр едім. Қолыңа шыбық ұстап, қозыға шық,-деп мал соңына салып қояды. Мұнда да ішсе тамаққа, кисе киімге жарымайды.
Бір күні Қоңырбай төңірегіндегі өзі теңдес байларды қонаққа шақырады. Бөлтірік бұған қатты қуанады. Іштей «етке тоятын болдым, ет болмаса да сүйек, сорпа тиетін шығар» деп ойлайды. байлар табақтағы сүйекті бір- бірден ұстап мүжи бастайды. Босағада отырған Бөлтірікке көз қырын да салмайды. Осы кезде үй сыртына бір топ атты адам
келіп тоқтайды, ат дүбірін естіген нағашысы
Бөлтірікке:
-Әй, сүмелек, мына келгендер кімдер, көріп кел,-дейді.
Бөлтірік тысқа шықса, бастарына сәлде ораған бес молда екен. Баланы көрген бір ересектеуі:
-Үйде кім бар?-дейді. Сонда Бөлтірік жұлып
алғандай:
-Үйде өңшең иттер отыр,-дейді де ішке кіріп кетеді. Нағашысы Бөлтірікке қарап:
-Келген кімдер екен?-дейді. Бөлтірік бәріне
естірте:
-Бес қатын келіп тұр,-дейді. Отырғандар бір- біріне таңдана қарасып:
-Еркек үстіне келетін қандай қатындар?!
-Біздің тоқалдарымыз болмасын!
-Аттарынан түсіп, үйге кірсін де!-деп бұйырады нағашысы.
Бір кезде Бөлтірік бес молданы бастап үйге кіргізгенде, бәрі таңданып балаға қарайды. Бірақ, ешнәрсе айта алмай, қызырақтап күлегенсіп, бір-бірімен сәлемдеседі. Молдаларды төрге отырғызып болған соң, босағада отырған Бөлтірікке нағашысы одрая қарап:
-Әй, бала, сомадай болып отыра бермей, қонақтарға қой әкеп сой. Әулиелерден бата сұрауды ұмытпа!-деп зекиді.
Бөлтірік қойдың ішінен бір қара қошқарды ұстап алып келеді де, есіктің жабуын көтеріп:
-Ал, молдекелер, бата!-дейді. Нағашысы қошқарды көріп:
-Әй, иттің баласы, саған бірдеңе көрінген бе, семіз саулықтар тұрғанда, қошқар әкелгенің қалай?-деп қолындағы қамшысын көтереді.
Сонда Бөлтірік нағашысына тіке қарап:
-Ұрсаңыз ұрыңыз, таяқ еттең өтеді, сөз сүйектен өтеді. Иттің баласы болсам, сізден аулақ кетпегенім, сүйек мүжімесем, күшігіне де жетпегенім. Бұл бір, екнішіден, адам қожасы – қожа, қой қожасы – қошқар. Бұл қожа-молдаларға қошқар сойған лайық. Оған несіне намыстандыңыз, нағашы?-дейді.
Отырған байлар сасып қалады. Сонда әлгінде келгендердің ішінен жасы үлкендеуі тұрып: -Баланың сөззі дұрыс, соя берсін, аллаһу- әкпар!-деп батасын береді.
Нағашысы Бөлтіріктің сонынан шытынай
қарап:
-Кешіріңіздер, молдекелер, мына қу жетімге бір нәрсе көрінген шығар. Сіздерді әлгінде «қатындар» деп шатпақтағаны бар,-деп күйінеді. Сонда қонақтардың бірі: -Біз де «үйде кімбер бар?» деп едік, «өңшен иттер отыр» деп жауап берді. Бұл – балаға сүйек тимегені. Бізді қатын десе, Басымыздағы сәлдеміз шығар. Бұл баланың тілегін орындап, ауылына қайтарғаныңыз абзал,-деген екен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.