«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Дәстүрлі емес діни ағымдар қатарындағы азаматтарға бейімдеу жұмыстарын жүргізу» тақырыбындағы әлеуметтік жобаның аясында «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов ауданының орталық және ауылдық мешіттерінде жергілілі жамағатпен ағарту жұмыстары жүргізілді. Мешіт жамағатына бірлікте, татулықта бірізділікте болу керек екендігі түсіндіріліп, карантин жағдайында санитарлық ережелерді, ара-қашықтықты сақтап намаз оқу керектігін және мешіттердегі өкіл имамадардың сөздерін тыңдау қажеттілігі қатаң түсіндіріліп өтілді.
Осындай кешенді түсіндірме жұмыстары Т.Рысқұлов ауданының бірнеше мешітінде жүргізілді.