Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Таш-Құмыр қаласында ішімдікке сылқия тойып алған прапорщик 24 солдатты соққыға жықты.
Мәлім етілгендей, ААҰО-ға Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімінде 24 сарбаз соққыға жығылғаны туралы ақпарат түскен.
«Бізге ақпарат түскеннен кейін, мән-жайды анықтау үшін өкілімізді жібердік. Солдаттардың сөзінен белгілі болғандай, 10 маусым күні таңғы сағат 5-те ішімдікке тойып алған прапорщик кіріп келіп, сарбаздарға әлімжеттік көрсете бастаған — денелерін жерге тигізіп, көтерткен, жатқызып қойып ұрған, соққылар жасаған», — деді орталық директоры Нурдин Сулайманов.
9 әскери қызметшінің иегінің асты жыртылған. Олардың кейбіріне тігістер салу қажет болған. Прапорщик 48 сағатқа қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның тергеп-тексерілуін Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрі өз бақылауына алды.