Ішімдік ішкендердің отырысы адам өлімімен аяқталды

89

Оралда екі жолдас бірлесіп ішімдік ішіп, соңында бөтелкелесімен өлтірген деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kzке сілтеме жасап.

Оқиға осы жылдың 18 қыркүйегінде шамамен 23.25 сағатта болды. Гастелло көшесінде орналасқан үйлердің бірінде екі ер адам ішімдік ішіп отырған. Бірлескен отырыстың барысында олардың арасында жанжал туындап, 37 жастағы ер азамат қолына үшкір зат алып, 38 жастағы азаматтың денесіне зақым келтірген. Екеуарадағы жанжалдың соңы өлімге әкеп соққан. Жедел жәрдем келгенге дейін жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.