Иса Байзақовтың 125 жылдық мерейтойына арналған еске алу кеші

25

Жамбыл облыстық әлсіз көретін азаматтар кітапханасы әйгілі ақын, әнші-композитор, суырыпсалма жыр өнерінің шебері Иса Байзақовтың туғанына 125 жыл толуына орай «Дауылды жырдың дүлділі — Иса ақын» атты еске алу кешін Сағадат Нұрмағанбетов атындағы №10 орта мектебінің оқушыларымен өткізді.

Кеш барысында қатысушыларға Иса Байзақовтың өмірі мен шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетіліп, «Жыр мен әннің жүйрігі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Шараға қатысушылар ақынның қазақ мәдениетіне қосқан үлесімен тереңірек танысып, оның поэмалары арқылы халық өмірін ерлік пен махаббатқа толтырғанын талқылады; оқушылар «Елім менің», «Он саусақ», «Желдірме» атты өлеңдерді мәнерлеп оқыды.

Сонымен қатар «Алтай аясында» мен «Құралай сұлу» поэмаларының үзінділері айтылып, оқушыларға Иса жыры — мәңгілік, себебі ол ел рухын көтерген, өнердің биігіне жол ашқан тұлға екендігі насихатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.